Футбол алаңында үш рет есінен танған футболшы ажал құшты

Фотография - Футбол алаңында үш рет есінен танған футболшы ажал құшты

Хорватиялық «Истры 1961» командасының жартылай қорғаушысы Ален Памич жасөспірімдер командасының матчы кезінде қаза тапты

162 0

Хорватиялық «Истры 1961» командасының жартылай қорғаушысы Ален Памич жасөспірімдер командасының матчы кезінде қаза тапты, деп хабарлайды In Serbia. Футболшы небәрі 23 жаста болған. Памич есінен танған кезде оған медициналық көмек көрсетілді, бірақ олар футболшының өмірін сақтап қала алмады, дейді РБК.

Хорватиялық жоғары дивизион чемпионаты командасының бас жаттықтырушысы, оның әкесі, ұлттық құраманың бұрынғы форварды Игор Памич еді. Марқұмның ағасы Звонко Памич загребтік «Динамода» ойнайды.

Осыған дейін кіші Памич ойын кезінде үш рет есінен танған. Ол бірнеше рет футболдан кетіп, емдеу курсы аяқталғаннан кейін қайта оралған. Соңғы матчта, яғни 16 ақпан күні загребтік «Локомотивке» қарсы ойнаған еді, сол кезде де спортшының денсаулығы сыр берген. 2010/11 маусымын Памич льеждік «Стандарт» командасында өткізді. Бірақ алғашы талмасынан соң футболшыға Бельгиядан кетуге тура келді.

Спортшының әкесінің айтуынша, дәрігерлермен соңғы рет сөйлескен кезде олар баласының жағдай жақсы екендігін, ойынға қатыса беруге болатындығын айтқан. Алайда жұма күні футболшы қаза тапты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!