Давид Луис "ПСЖ" немесе "Барселонаны" таңдауды ұйғарды

Фотография - Давид Луис "ПСЖ" немесе "Барселонаны" таңдауды ұйғарды

26 жасар лондондық "Челси" клубының қорғаушысы Давид Луис жаңа команда іздестіріп жатыр

184 0

26 жасар лондондық "Челси" клубының қорғаушысы Давид Луис жаңа команда іздестіріп жатыр, деп хабарлайды британдық БАҚ сілтеме жасаған "Спорт Экспресс".

Осыған дейін "ақсүйектердің" жаңадан сайланған бапкері Жозе Моуринью Бразилия құрамасында ойнайтын футболшыны өз сызбасынан көргісі келмейтіндігін айтқан еді. Енді қосалқы құрамда қалып қалмас үшін Луис жаңа клуб іздестіруге көшкен.

Қазірдің өзінде қорғаушының қызметіне француздық "ПСЖ" мен каталониялық "Барселона" қызығушылық танытып үлгерді. Луистің трансфері 30 миллион еуроға бағаланып отырған көрінеді. Биылғы маусымда ол ағылшын біріншілігі аясында "Челси" сапында 30 ойынға қатысып, екі рет гол соғып, екі рет нәтижелі паспен көзге түсе алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!