Кукушкин ATP рейтингісінде 34 орын жоғарылады

Фотография - Кукушкин ATP рейтингісінде 34 орын жоғарылады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Мароккодағы турнирде сәтті ойнап, Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде 34 орынға жоғарылады

139 0

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Мароккодағы турнирде сәтті ойнап, Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде 34 орынға жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұдан бұрын 25 жасар теннисші Мароккодағы «Челленджер» сериясы турнирінің финалына дейін жеткен болатын. Пабло Карренья Бустомен кездесу кезінде екінші сетте 4:1 есебімен жеңіліп жатып, ойыннан бас тартқан болатын. Ал бірінші партияда 2:6 есебімен ұтылды. Алайда, қазақстандық теннисшінің бұл ойыны оған 225-орыннан 191-орынға көтерілуге кедергі келтірмеді.

Андрей Голубев пен Евгений Королев 172 және 175-орындарда Юрий Щукин мен Денис Евсеев екі орын төмен түсіп, 496 және 583-орындарға жайғасты.

АТР рейтингісінің алғашқы ондығы өзгерген жоқ. Рейтингті сол баяғы Новак Джокович бастап тұр. Ал британдық Энди Маррей мен швейцариялық Роджер Федерер алғашқы үштікте.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!