Кореяда жауынгерлік IV Азия ойындары өтеді

Фотография - Кореяда жауынгерлік IV Азия ойындары өтеді

Кореяның Инчхон қаласында 29 маусым мен 3 шілде аралығында жабық спорттық кешенде жауынгерлік ойындардан IV Азия ойындары өтеді.

172 0

Кореяның Инчхон қаласында 29 маусым мен 3 шілде аралығында жабық спорттық кешенде жауынгерлік ойындардан IV Азия ойындары өтеді.

Екі жылда бір ұйымдастырылатын бұл байрақты бәсекеде 11 спорт түрі бойынша 100 медальдар топтамасы сарапқа салынады. Оған Қазақстаннан 86 спортшы қатыспақ. Олар шахмат, спорттық би, кикбоксинг, муайтай, суда жүзу, кураш және электрондық спорт түрлері бойынша 76 медаль топтамасы үшін сайысқа түседі. Ал қалған 24 медаль топтамасы шағын футбол, боулинг, кабади және бильярд сияқты спорт түрлерінде сарапқа салынбақ. Ел намысын қорғайтын атлеттер Сеулге 27 маусым күні Алматыдан аттанбақ.

Жабық спорттық кешендегі жауынгерлік Азия ойындары тұңғыш рет 2005 жылы Тайландтың Бангкок қаласында өткен еді. Одан кейін бұл байрақты бәсекенің жалауы 2007 жылы Қытайдың Макао, 2009 жылы Вьетнамның Ханой қалаларында көтерілді. Ал 2017 жылғы жарыс Түркіменстанның Ашхабад қаласында ұйымдастырылады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!