Шведова "Уимблдонның" екінші кезеңіне өтті

Фотография - Шведова "Уимблдонның" екінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші қыз Ярослава Шведова "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымынан сүрінбей өтті

176 0

Қазақстандық теннисші қыз Ярослава Шведова "Уимблдон" турнирінің бірінші айналымынан сүрінбей өтті. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.

Бұл кездесуде отандасымызға голландиялық Кики Бертенс қарсылық танытқан болатын. Шведова оны 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Айта кетейік, қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 55-ші орында тұрақтап тұр. Ал, Бертенс бұл тізімнің 60-шы сатысында. Енді Шведова екінші айналымда Петра Квитова мен Коко Вандевеге жұбының жеңімпазымен сынға түседі.

Ал, мұның алдында екінші теннисші қызымыз Галина Воскобоева канадалық Эжени Бушарға жеңіліп, турнирдің бірінші айналымына өте алмай қалған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!