Испандық футболшылардың басы бәлеге қалды

Фотография - Испандық футболшылардың басы бәлеге қалды

Испания футбол құрамасының ойыншылары бразилиялық газетті айыптауда

162 0

Испания футбол құрамасының ойыншылары бразилиялық газетті айыптауда, деп хабаралайды itar-tass.com агенттігі.

Баспа аталмыш құрама аяқдопшыларының ішімдік ішіп, нәпсіқұмарлықпен көңіл көтеріп және покер ойыны өткен кешке қатысты деп жазған. Ал, футболшылар ФИФАдан газетті жазалауды сұрап отыр. Бұл туралы конфедерация Кубогы кезінде команданың қорғаушысы Серхио Рамос мәлім етті. Бразилиялық баспаның хабарлауынша, испандық команданың бірқатар ойыншылары Уругвайды 2:1 етіп жеңгеннен кейін, қонақ үйден нөмір жалдап, сонда көңіл көтерген. Қыз-қырқын қонақ үйден кеткеннен кейін, ойыншылар өздерінің бірнеше мыңдаған еуро ақшаларының жоқтығын білген. Команда қорғаушысы Рамос баспаның бұл ақпаратын теріске шығарды.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!