Испания Конфедерация кубогының финалына шықты

Фотография - Испания Конфедерация кубогының финалына шықты

Испанияның футбол құрамасы Бразилиядағы Конфедерация кубогының жартылай финалдық кездесуінде Италияны ұтып, финалға шықты

147 0

Испанияның футбол құрамасы Бразилиядағы Конфедерация кубогының жартылай финалдық кездесуінде Италияны ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды РИА Новости.

Кездесудің негізгі уақыты Форталезеде өтіп, ойын 0:0 есебімен аяқталды. Қосымша 30 минутта да командалар гол соға алмады. Сондықтан матчтан кейін пенальти теуіп Испания 7 ұпай жинады, ал Италия құрамасынан соңғы допты тепкен Леонардо Бонуччи қателесіп, 6 ұпаймен артта қалды.

30 маусым күні Рио-де Жанейрода өтетін финалдық ойында Испания құрамасы турнирдің қожайындары жергілікті бразилиялықтармен кездеседі. Дәл осы күні Сальвадорда италия командасы Уругвай құрамасымен 3-орынға таласады.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!