Бүгін «Қазақстан Барысы-2013» анықталады

Фотография - Бүгін «Қазақстан Барысы-2013» анықталады

Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрек кешенінде Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі жалауын көтереді.

136 0

Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрек кешенінде Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі жалауын көтереді.

Санаулы сағаттардан соң республикамыздың әр облысынан келген 32 балуан «Қазақстан барысы» атағы үшін боз кілемде айқасқа түседі.

Бабы мен бағы қатар шапқан балуанға 150 мың АҚШ доллары мен «Алтын белдеу», «Тайтұйяқ» және автокөлік сыйға тартылады. Күміс жүлдені иеленген балуанға 30 мың АҚШ доллары, ал қоланы қанағат тұтқан спортшыға 10 АҚШ доллары тарту етіледі.

Балуандарды баптаған бапкерлеріне де тиісінше қаржылық сый-сияпаттар көрсетілетін болады.

Тұңғыш рет Қазақстан Республикасының тәуелсіздінің жиырма жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылған «Қазақстан барысы-2011» атағын қызылордалық Ұлан Рысқұл жеңіп алса, «Қазақстан барысы-2012» атағы Жамбыл облысының өкілі Бейбіт Ыстыбаевқа бұйырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, дода барысында қазақ күресінің жанкүйерлері арасында лотерея ойыны ұйымдастырылады. Бас жүле автокөлік.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!