Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы»

Фотография - Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы»

Шығысқазақстандық палуан Айбек Нұғымаров биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы атанды. Ол ақтық сында Қарағандыдан келген Ержан Шынкеевті жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіске қол жеткізіп отыр

229 0


Шығысқазақстандық палуан Айбек Нұғымаров биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған "Қазақстан барысы" турнирінің жеңімпазы атанды. Ол ақтық сында Қарағандыдан келген Ержан Шынкеевті жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіске қол жеткізіп отыр.


Былтырғы жылдың "барысы" атанған жамбылдық палуан Бейбіт Ыстыбаев жартылай финалда сүрінді. Ержан Шынкеевпен белдескен ол тартысты сында қарсыласына жол берді. Дегенмен, төрешілер алғашында Бейбіттің қолын көтерген болатын. Кейін өзара дауласқан қазылар алқасы ақыры бір шешімге келіп, жеңісті Шынкеевке қайта ұстатты.

Есесіне, үшінші орын үшін болатын белдесуге Ыстыбаев шығудан бас тартып, қола жүлде шымкенттік Назар Ерсұлтановқа бұйырды.

Осылайша, "Қазақстан барысы-2013" атағын жеңіп алған Айбек Нұғымаровқа 150 мың АҚШ доллары мен «Алтын белбеу», «Тайтұйяқ» және автокөлік сыйға тартылса, күміс жүлдені иеленген Ержан Шынкеевке 30 мың АҚШ доллары, ал қоланы қанағат тұтқан Н.Ерсұлтановқа 10 АҚШ доллары тарту етілді.

Естеріңізге салайық, тұңғыш рет Қазақстан Республикасының тәуелсіздінің жиырма жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырылған «Қазақстан барысы-2011» атағын қызылордалық Ұлан Рысқұл жеңіп алса, «Қазақстан барысы-2012» атағы Жамбыл облысының өкілі Бейбіт Ыстыбаевқа бұйырған болатын.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!