Головкиннің келесі қарсыласы Куиллин болуы мүмкін

Фотография - Головкиннің келесі қарсыласы Куиллин болуы мүмкін

WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы «Шоколад бала» лақабымен танымал американдық боксшы Питер Куиллин болуы мүмкін

193 0


WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы «Шоколад бала» лақабымен танымал американдық боксшы Питер Куиллин болуы мүмкін. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер мәлімдеді.


Леффлердің айтуынша, бұл жекпе-жек НВО телеарнасы түсірсе ғана өтеді, өйткені Головкин осы арнамен келісім жасаған. Бұған қоса, Куиллин НВО-ның басты бәсекелесі – Showtime арнасы үшін жекпе-жектер өткізіп келеді. Американдық боксшы шаршы алаңда 28 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен аяқтаған. Ал Головкин барлық 27 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 24 қарсыласын нокаутқа жіберген.

Естеріңізге саламыз, Головкин 30 маусым күні британдық боксшы Мэттью Маклинді үшінші раундта нокаутпен жеңді. Бауырынан қатты соққы алған Маклин екі аяқта тұра алмай, ұзақ уақыт ес жинауына тура келді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!