«KAZsport» мемлекеттік тұңғыш спорт телеарнасы ашылды

Фотография - «KAZsport» мемлекеттік тұңғыш спорт телеарнасы ашылды

Бүгін, 1 шілдеде «Қазмедиа орталығында» «KAZsport» мемлекеттік тұңғыш спорт телеарнасының ашылу рәсімі өтті

200 0

Бүгін, 1 шілдеде «Қазмедиа орталығында» «KAZsport» мемлекеттік тұңғыш спорт телеарнасының ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға  белгілі қазақстандық спортшылар, Азия және Олимпиада ойындарының чемпиондары, халықаралық және республикалық спорт жарыстарының жеңімпаздары, спорт жаттықтырушылары мен ардагерлері қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов жаңа спорт телеарнасының ашылу салтанатына орай сөз сөйледі. Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге де құттықтау жолдады. Сонымен қатар, 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, 2 мәрте Олимпиада ойындарының чемпионы Илья Ильин, шахматтан 4 мәрте әлем чемпионы Бибісара Асаубаева және т.б. «KAZsport» телеарнасының ашылуымен құттықтады.

Жаңа спорт арнасы «Мәдениет», «Балапан» және 14 аймақтық телеарналар топтасқан «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. «KAZsport» телеарнасын «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тартау желісі мен кабелдік жүйеде хабар тарататын операторлар арқылы көруге болады.

«KAZsport» телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 70%-ы тікелей және түпнұсқа трансляциялардан тұрады. Олардың негізгісі - Қазақстанда кең етек жайған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелер. Спорт шаралары туралы телекөрсетілімдерді белгілі қазақстандық спорт журналистері қазақ және орыс тілдерінде комментарий мен сараптама жасай отырып жүргізеді. Бағдарламалар кестесіне телекөрсетілімдер, жаңалықтар, төл бағдарламалар мен спорттық деректі кино енеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!