Бразилия құрамасы - Конфедерация Кубогының жеңімпазы

Фотография - Бразилия құрамасы - Конфедерация Кубогының жеңімпазы

Футболдан Бразилия құрамасы Конфедерация Кубогының финалында Испанияны ойсырата жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. 1-шілдеге қараған түні Рио-де-Жанейроның "Маракана" стадионында болған ойын 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына жазылды

304 0

Футболдан Бразилия құрамасы Конфедерация Кубогының финалында Испанияны ойсырата жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. 1-шілдеге қараған түні Рио-де-Жанейроның "Маракана" стадионында болған ойын 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына жазылды. 

Жеңімпаз команданың құрамында Фред (2, 47-минуттар) дубль жасап көзге түсті. Үшінші допты шабуылшы Неймар өз атына жазды. Сонымен қатар ол матчтың үздік ойыншысы да атанды.

Серхио Рамостың ойынның 55-минутында пенальтиден қателескенін де айта кету керек. Оның тепкен добы қақпа бағанасының жанынан өте шықты. Ал 68-минутта испандықтар алаңда он ойыншымен қалды. Тікелей қызыл қағазды алған қорғаушы Жерар Пике.

Бразилия сапында "Зенит" клубының шабуылшысы Халк негізгі құрамға ойын басталысымен-ақ шығып, бір нәтижелі паспен көзге түсе білді.

Осылайша Бразилия ұлттық құрамасы өз тарихында Конфедерация Кубогын төртінші және қатарынан үшінші рет жеңіп алды. Бұл турнирдің өзіндік рекорды болып саналатынын да айта кету керек.

Ал Италия құрамасы Уругвайды матч соңындағы пенальтиден ұтып, жарыстың қола жүлдегері атанды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!