Ел қоржынында – екі алтын

Фотография - Ел қоржынында – екі алтын

Оңтүсткі Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан жабық ғимараттағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі алтын түсті. Электорондық спортта Александр Кравченко және жүзуден Эльмира Айғалиева алтынмен апталып, мерейімізді тасытты

142 0

Оңтүсткі Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан жабық ғимараттағы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі алтын түсті. Электорондық спортта Александр Кравченко және жүзуден Эльмира Айғалиева алтынмен апталып, мерейімізді тасытты.

Жабық кешендегі Азия ойындарында ең көп жүлде суға жүзуде сарапқа салынады. Жалпы саны – 30. Бүгін Қазақстан суға жүзу шеберлері құрама қоржынына бір алтын, үш қола медаль салды.

Алдымен Роман Турусов 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде  27,69 секунд уақытпен қола жүлдегер атанды.

Одан кейін  Екатерина Руденко 50 метрге шалқалай жүзуде  27,54 секунд уақытпен мәреге үшінші болып жетті.

Дәл осы қашықтықта, бірақ ерлер арасында 24,11 секунд көрсеткішпен Александр Тарабарин де қола медаль еншіледі.

Ал 100 метрге батерфляй әдісімен жүзуде Эльмира Айғалиева жарады. Бірден алға сурылып шығып, көмбеге дейін ешкімге жеткізбеді.

Бұл қашықтықты  58,40 секунд уақытта жүзіп өтіп, саф алтынға қол жеткізген Эльмираның құрметіне Инчондағы «Донгуан» бассейінінде қазақ елінің әнұраны шырқалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!