«Астана» велошабандозы «Австрия турының» екінші кезеңінің жеңімпазы болды

Фотография - «Астана» велошабандозы «Австрия турының»  екінші кезеңінің жеңімпазы болды

Қазақстандық «Астана» велокомандасының шабандозы белгиялық Кевин Селдрайерс «Австрия туры» екінші кезеңінің жеңімпазы атанды

125 0

Қазақстандық «Астана» велокомандасының шабандозы белгиялық Кевин Селдрайерс «Австрия туры» велобәйгесінің екінші кезеңінде алдына жан салмады. Ол аталған бәйгенің алғашқы кезеңінде де үздік болған еді, деп жазды  Vesti.kz

157,4 шақырымды 4 сағат 17 минут 15 секундтта бағындырған Селдрайерс өзінің командалас әріптестері - қазақстандық Александр Дьяченкодан 5 секундқа, итальяндық Фабио Арудан 14 секундқа басым түсті.

Жарыстың екі кезеңіндегі жалпы есеп бойынша Дьяченконы 43 секундқа озған Селдрайерс көш бастап келеді. Үштікті 59 секундқа артта қалған австриялық Риккардо Цойдль түйіндейді.

Сегіз кезеңнен тұратын «Австрия туры» Инсбрук қаласында 30 маусым күні басталып, 7 шілде күні Венада мәреге жетеді деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!