Жамбыл облысының қазақ күресі федерациясы «Қазақстан Барысы» турниріндегі төрелікке наразылық білдірді

Фотография - Жамбыл облысының қазақ күресі федерациясы «Қазақстан Барысы» турниріндегі төрелікке наразылық білдірді

Жамбыл облысының қазақ күресі бойынша федерациясы 30 маусым күні ҚР Тұңғыш Президентінің сыйлығына өткен «Қазақстан барысы» турниріндегі төрелікке наразылық білдірді

266 0

Жамбыл облысының қазақ күресі бойынша федерациясы 30 маусым күні ҚР Тұңғыш Президентінің сыйлығына өткен «Қазақстан барысы» турниріндегі төрелікке наразылық білдірді, деп хабарлайды спорт ведомствосынан.

Төрешілер алқасының жартылай финалдағы аталған жарыстың осыған дейінгі жеңімпазы жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев пен қарағандылық Ержан Шынкеев арасындағы кездесу бойынша шешімі жамбылдықтардың наразылығын тудырды. Естеріңізге сала кетсек, бұл кездесуде жамбылдық балуан жеңімпаз атанды, алайда белдесуден кейін төрешілер алқасы жеңісті оның қарсыласына берді. Бұл шешіммен келіспеген Бейбіт Ыстыбаев 3-орын үшін өткен кездесуге шықпады.

Турнирді ұйымдастырушыларға, сонымен қатар ҚР Президенті әкмішілігіне Жамбыл облыстық қазақ күресі федерациясы келесі мазмұндағы наразылықтарын білдірді: «Шағым жазуымыздың себебі, жартылай финалдағы Жамбыл облысының палуаны Б. Ыстыбаев пен Қарағанды облысының палуаны Е.Шынкеев арасындағы кездесуде қазақша күрестің ережелері өрескел бұзылды. Бес минутқа созылған жарыста палуандар тең түсті. Қазақ күресінің ережесі бойынша мұндай жағдайда олар белбеу күреске шығады. Бұл белдесуде басым түскен палуан жеңімпаз атанады. Миллиондаған жанкүйерлердің көз алдында Е.Шынкеев жеңіліп қалды және төрешілер алқасының шешімі бойынша жамбылдық Б.Ыстыбаев жеңімпаз атанды. Алайда 20 минут өткен соң дәл сол төрешілер кездесуде Б.Ыстыбаевтың жеңілгенін хабарлады».

Жамбыл облысының қазақ күресі бойынша федерациясы тең түскеннен кейін төрешілер алқасының шешімімен дауласып, белбеу күреске щыққысы келмеген Е. Шынкеевтің әрекетін түсінбеуде.

«Күрестің басқа түрлерінде мұндай спортшы жауапқа тартылатын еді. Жанкүйерлері ашуланған соң жеңіліп қалған спортшыға жеңісті бере салған төрешілер алғасының шешімін қалай түсінуге болады? Әрине, онда жамбылдық жанкүйерлерден қарағандылықтар көп болды. Төрешілер алқасы бұл әрекетімен жағымсыз прецедент туғызды», - деп айтылған үндеуде.

Федерацияда ұлттық қүресті насихаттау мақсатында турнир шетелдік телеарналардан көрсетілгенін атап айтты. Алайда, төреші қателігінің салдарынан қазақ күресі жанкүйерлерінің сезімдері қорланды.

«Әлемде төрешілер алқасы жеңіліп қалған спортшының жетегінде жүріп, жеңісті жауырыны жерге тиген балуанға берген оқиға болған емес. Сондықтан біз «Қазақстан Барысы» турниріндегі төрешілер алқасының бұл шешіміне наразылығымызды білдіреміз», - деп хабарлады облыстық қазақ күресі федерациясынан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!