"Астана арландарының" қарсыластары анықталды

Фотография - "Астана арландарының" қарсыластары анықталды

Әлемдік бокс сериясының қазіргі чемпиондары "Астана арландары" жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін Әзірбайжанның "Baku Fires" командасымен өткізетіні белгілі болды. 

107 0

Әлемдік бокс сериясының қазіргі чемпиондары "Астана арландары" жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін Әзірбайжанның "Baku Fires" командасымен өткізетіні белгілі болды. 

Швейцарияның Лозанна қаласында өткен жеребе тарту рәсімінен кейін қазақстандық команда B тобына түсті. Топтық кезеңде отандастарымыз Mexico Guereros, Cuba Domadores, Azerbaijan Baku Fires, Russian Boxing Team және Hussars Poland командаларына қарсылас атанады. Ал, алғашқы кездесуді "арландар" өз жерінде өткізбек.

Соңғы маусымның финалисті атанған Ukraine Otamans боксшылары болса A тобына түсті. Олар енді Italia Thunder, USA Knockouts, Argentina Condors, Algeria Desert Hawkes және German Eagles сынды азулы қарсыластарымен финалдық кезеңге өту үшін бақ сынайтын болады.

Осынау турнирдегі тағы бір жаңалық! Биылғы турнирге алғаш рет Кубаның Domadores командасы да қатысатын болды. Яғни, жарыс бұрындағыдан да қыза түседі деген сөз.

Сонымен қатар, турнирдің ережелеріне де өзгеріс еніп отыр. Бұрын жарыс тек 5 салмақ дәрежесінде өтіп келсе, биылдан бастап командалар 10 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтайтын болады.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!