Мессидің достары Неймардың командасын жеңді

Фотография - Мессидің достары Неймардың командасын жеңді

Лимеде (Перу) өткен қайырымдылық матчында Лионель Месси мен бразилиялық Неймардың достары бір-біріне қарсы тұрды

351 0

Лимеде (Перу) өткен қайырымдылық матчында Лионель Месси мен бразилиялық Неймардың достары бір-біріне қарсы тұрды.

Мессидің қайырымдылық қорының есебінде өткізілген ойын 8:5 есебімен аргентиналық сұрмергеннің пайдасына аяқталды. Қай жолғыдай, қос жақтың өкілдері жейделерін ауыстыру арқылы ойын көркін қыздыра түскен.

Жеңімпаздар сапынан Месси (11-ші және 37-минут), Дани Алвес (14-минут), Даниэль Освальдо (24), Пабло Аймар (41), Эсекьель Лавесси (45, 59), Диего Буонанотте (55) көзге түссе, жеңілгендердің қатарынан Гастон Рамирес (49), Неймар (48, 68), Флоран Малуда (49), Дани Алвес (62, пенальтиден) секілді ойыншылардың аты аталған.

Бір айта кетерлігі, "Барсаның" су жаңа ойыншысы Неймар 39-минутта 11 метрлік айып добынан мүлт кетіпті.

Мессидің командасына бас бапкері болып Ресей құрамасының жаттықтырушысы италияндық Фабио Капелло бекіген болса, Неймар бастаған ойыншылардың тізгіні бразилиялық танымал маман Зикоға бұйырған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!