Оңтүстік Қазақстан облысының велошабандозы Астана кубогын жеңіп алды

Фотография - Оңтүстік Қазақстан облысының велошабандозы Астана кубогын жеңіп алды

Бүгін Бәйтерек монументі маңайында елорда күніне арналған бұқаралық веложарыстың кезекті кезеңі өтіп, Астана кубогының иегері анықталды

140 0

Бүгін Бәйтерек монументі маңайында елорда күніне арналған бұқаралық веложарыстың кезекті кезеңі өтіп, Астана кубогының иегері анықталды.

Веложарыстың өзі кеше жекелей сындардан басталған болатын. Онда Солтүстік Қазақстан облысының велошабандозы Богдан Гапоченко жеңімпаз атанды. Бүгін болса, 3 шақырымдық критериум-жарысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы Влад Моховиков оқ бойы озық шығып, Астана кубогын иеленді. Екінші орында - Богдан Гапоченко (Солтүстік Қазақстан облысы), ал үшінші орынды Арман Турлин (Солтүстік Қазақстан облысы) қанағат тұтты.

Айта кетейік, кәсіби велошбандоздар үшін жарыс әлі де жалғасуда. 4-5 шілде күндері тағы 60 және 64 шақырымға топтық жарыстар өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!