Бішкекте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Фотография - Бішкекте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Кеше Бішкек қаласындағы Қожамқұл атындағы спорт сарайында ауыр атлетикадан жастар арасындағы ХХ Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті.

142 0

Кеше Бішкек қаласындағы Қожамқұл атындағы спорт сарайында ауыр атлетикадан жастар арасындағы ХХ Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті.

Оған Азияның 14 елінен ерлер мен қыздар арасында 100 спортшы қатысуда. Бүгін бұл байрақты бәсекенің алғашқы сайыстары өтеді. Ел намысын ерлер арасында - 8, әйелдер арасында 7 атлет қорғайтын болады. Олар - Ерболат Жоламанов (62 кг), Әділбек Балқаев (69 кг), Ғалымбек Жұбатханов, Айдар Қазов (77 кг), Владислав Цой (85 кг), Дмитрий Ұланов (94 кг), Максим Лактионов (105 кг), Василий Кошелев (+105) және Әсел Амангелді (48 кг), Әсел Сәрсекенова, Сәуле Сәдуақасова (58 кг), Мәдина Ташкенбаева (63 кг), Майра Файзоллаева (69 кг), Елена Парфентьева (75 кг), Бота Қалымова (+75 кг). Ал жарыс қожайындары ерлер арасында - 8, қыздар арасында 2 спортшы ғана қосып отыр. Жалпы бұл дүбірлі дода 7 шілдеге дейін жалғасады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!