Астанада ат спортынан ENRC кубогінің жарыстары өтті

Фотография - Астанада ат спортынан ENRC кубогінің жарыстары өтті

Бәсекеде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның спортшылары бақ сынасты. Жарыс шарты бойынша қатысушылар биіктігі 130 см жоғары 12 кедергіні қатесіз өтулері керек

343 0

Астана күніне орай «Қазанат» ипподромында ат спорты бойынша ENRC кубогінің жарыстары өтті.

Бәсекеде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның спортшылары бақ сынасты. Жарыс шарты бойынша қатысушылар биіктігі 130 см жоғары 12 кедергіні қатесіз өтулері керек.

Спортшылардың өнерін халықаралық ат спортында беделді әділқазылар Марек Залески (Польша), Анна Скабард (Украина), Кео Чанг Янг (Корея), Сарпартап Синх (Үндістан) бағалады.

Бұл бәсекеде Қазақстан командасы жеңіске жетті. Команда құрамына кіретін Петр Соловьев пен Лузия деген ат қойылған сәйгүлік, Әсет Толкумбеков пен Арония, Олег Попеляев пен Итс Ми, және Александр Тишков пен Кватро есімді сәйгүлік 45 айып ұпаймен басымдық танытты. Ал екінші орынды - Ресей (48), үшінші орынды Өзбекстан (50) еншіледі.

- Бұл жарыстарды өткізу халықаралық спорт қауымдастығы бізді өңірдегі ат спортының орталығы деп танитындығының айғағы іспеттес. Біз әлемге осыны танытқымыз келеді. Соған орай ат спортының секцияларын республиканың түрлі өңірлерінде ашып жатырмыз, - деп атап өтті ҚР Ат спорты федерациясының президенті Александр Машкевич.

«Қазанат» ипподромы ENRC-дің демеушілігімен салынған. Корпорация Алматыдағы (Бутаковка) «Алтын Тай» балалар және жасөспірімдер мектебіне де көмектеседі.

- Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы Қазақстанда салауатты өмір салты мен спорттың дамуына ерекше көңіл бөледі. Бұл корпорацияның әлеуметтік саясатының ең басым бағыттарының бірі болып табылады. Астана күні қарсаңында біз осынау ерекше жарысқа демеуші болғанымызға өте қуаныштымыз, - деді ENRC PLC Бас атқарушы директоры Феликс Вулис.

Еске сала кетсек, 2012 жылы ENRC-дің Қазақстандағы әлеуметтік инвестициялары 16 млрд теңгені құрады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!