Қазан қаласында дзюдодан өтетін Универсиадада Ислам Бозымбаевқа үміт артылуда

Фотография - Қазан қаласында дзюдодан өтетін Универсиадада Ислам Бозымбаевқа үміт артылуда

Қарағандылық Ислам Бозымбаев Қазан қаласында өтетін дзюдодан жазғы Универсиадада ел құрамасының көшбасшысы ретінде қатыспақ

183 0

Қарағандылық Ислам Бозымбаев Қазан қаласында өтетін дзюдодан жазғы Универсиадада ел құрамасының көшбасшысы ретінде қатыспақ.

Қазақстандық дзюдошылар кеше Қазан қаласына аттанды. Ұшаққа отырар алдында команданың жаттықтырушысы Михаил Шепетюк команданың мақсаты туралы айтып берді. «Біздің Ислам Бозымбаев (90 келіге дейін) және Рустам Ыбыраев (60 келіге дейін) «алтынға» басты үміткерлеріміз, - деді Шепетюк. - Сонымен қатар Дәулетхан Жақыпов та (81 келіге дейін) медаль үшін бақ сынаса алады. Қыздар арасында Меруерт Иманғалиеваның (48 келіге дейін), Назгүл Құбашеваның (57 келіге дейін), Альбина Амангелдиеваның (78 келіге дейін) жұлдызы оңынан туу ықтимал. Қазақстан құрамасының №1 спортшылары әлем чемпионатына әзірленуде, сондықтан Бозымбаевтан басқасын жібермей отыр».

Бұдан бөлек, жарысқа аттанар күні Виктор Демьяненко жарақаттанып, Алматыда қалды. Өткен демалыс күндері ол «Қазақстан Барысы» жарысының ширек финалына дейін өтті, бұл денсаулығына әсер еткен.

Еске сала кетейік, Жазғы универсиада Қазан қаласында 6-17 шілде аралығында өтеді деп күтілуде. Бәсекеде спорттың 27 түрі қамтылса, еліміздің саңлақтары оның 13-інде бақ сынайды. Жүлде қоры 3100 АҚШ долларын құрайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!