Astana Dakar Team 2-3 жылдың iшiнде Дакардың ең үздiк командалары қатарына шығады

Фотография - Astana Dakar Team 2-3 жылдың iшiнде Дакардың ең үздiк командалары қатарына шығады

Astana Dakar Team командасын алдағы 2-3 жылда Дакар жарысында көшбасшы командалардың бiрiне айналдыру жоспарлануда

138 0

Astana Dakar Team командасын алдағы 2-3 жылда Дакар жарысында көшбасшы командалардың бiрiне айналдыру жоспарлануда.

Бұл туралы бүгiн Астанада өткен баспасөз мәслихатында команда жетекшiсi Артур Ардавичус мәлiм еттi.

"Мен команданы 2-3 жылдың iшiнде Дакардың көшбасшылық позициясына шығарамыз деп сенемiн. Бұл бiздiң жаңа тұжырымдаманың басты мақсаты", - деп атап көрсеттi ол.

"Бiз "Астана" Президенттiк кәсiби спорт клубының қатарына өткенiмiзге қуаныштымыз. Осылайша бiз өзiмiздiң мойнымызға бұдан да үлкен мiндеттер мен жауапкершiлiктi алдық деп санаймын. Барлық күш-қайрат қазiр өзiмiздiң жобаларымызды өмiрге келтiруге және мақсаттарымызға жетуге жұмылдырылуда. Astana Dakar Team үшiн ең бастысы - Дакар жарысында өте жақсы көрсеткiштерге қол жеткiзу. Бұл жылдық жұмысымыздың нәтижелi қорытындысы болар едi", - деп түйдi сөзiн А.Ардавичус.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!