Универсиада-2013 жарысында ораза ұстағандарға жағдай жасалады

Фотография - Универсиада-2013 жарысында ораза ұстағандарға жағдай жасалады

Қазан қаласындағы Универсиада-2013 ауылында бүгін ашылған мейрамхана ораза ұстағандар үшін ерекше жұмыс режиміне көшеді

144 0

Қазан қаласындағы Универсиада-2013 ауылында бүгін ашылған мейрамхана ораза ұстағандар үшін ерекше жұмыс режиміне көшеді, деп хабарлайды Muslim.kz.

Ойын кезінде мұсылман спортшылар үшін таңғы төрт жарымға дейін «Халал» ас мәзірі секциясының есігі ашық болады. Онда бір мезгілде 3,5 мың спортшыға еуропалық, ұлттық, азиялық, вегетариандық және «Халал» ас мәзірлері ұсынылады. Уақытша ашылған осынау мейрамханаға Универсиада-2013 ауылының кез келген түпкірінен электр көлігімен жетуге болады.

Әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған студент жастардың қажыр-қайраты мен қарым-қабілеті сынға түсетін XXVII-ші бүкіләлемдік жазғы универсиада биылғы жылы Қазан қаласында шілде айының 6-сы мен 17-сі аралығында өтетін болды. 170-тен аса елден келіп, осынау дүбірлі додада спорттың 27 түрі бойынша өнерлерін ортаға салып, бақ сынайтындар үшін 350-ден аса награда қарастырылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!