«АСТАНА» тағы ұтылды

Фотография - «АСТАНА» тағы ұтылды

Футболдан қазақстандық клубтар Еуропа лигасының іріктеу сынын бастады. Қуантқаны тек, «Ақтөбе» ғана.

236 0

Футболдан қазақстандық клубтар Еуропа лигасының іріктеу сынын бастады. Қуантқаны тек, «Ақтөбе» ғана.

Никитенко баптайтын «Ақтөбе» Ереванда «Гандзасар» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 65 минутында Марат Хайруллин ресейлік әріптесі Сергей Давыдовқа доп шығарып беріп, доп қақпадан бір-ақ шықты. Арада он үш минут өткенде Хайрууллин кезекті допты Асхат Тағыбергенге асырады. Командаласының пасын зая кетірмеген Асхат нәтижені еселеді. Матчтың соңғы минутында ғана еревандықтар сапынан Артак Дашян есепті бір голға қысқарта алды.

Болгарияда «Левски» командасымен ойнаған Павлодарлық «Ертіс» ойынды тең аяқтады. Ал, «Астана» өз алаңында тағы бір болгариялық клуб «Ботевтен» 0:1 есебімен ұтылып, жағдайын қиындатып алды. Ойындағы жалғыз голды 45 минутта «Ботевтің» Ирсагы салды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!