Головкин мен Мартинестің жекпе-жегі 2014 жылы өтеді

Фотография - Головкин мен Мартинестің жекпе-жегі 2014 жылы өтеді

Дүниежүзілік бокс кеңесінің WBC дәрежесі бойынша 72,6 келіде әлем чемпионы, аргентиналық Серхио Мартинес Дүниежүзілік бокс қауымдастығының WBA белбеуінің иегері, қазақстандық Геннадий Головкинмен 2014 жылдың қыркүйек айында кездесуге дайын екенін айтты

208 0

Дүниежүзілік бокс кеңесінің WBC дәрежесі бойынша 72,6 келіде әлем чемпионы, аргентиналық Серхио Мартинес Дүниежүзілік бокс қауымдастығының WBA белбеуінің иегері, қазақстандық Геннадий Головкинмен 2014 жылдың қыркүйек айында кездесуге дайын екенін айтты. Бұл туралы Головкиннің менеджері Сэмпсон Левкович мәлімдеді.

Өткен сенбіде қазақстандық боксшы АҚШ-тың Коннектикут штатында өткен 12-раундтық жекпе-жекте британдық Мэттью Маклинді 3-раундта нокаутпен жеңген болатын. Осыдан кейін «Гена осы салмақ дәрежесіндегі нағыз жұлдыз Серхио Мартинеспен кездесуі керек» деген пікірлер көптеп айтыла бастады.

Аргентиналық боксшы сәуір айында аяғын қайта жарқаттап алған еді. Осы айдың ортасына таман Мартинестің аяғына операция жасалады, ал рингке ол тек көктемге қарай оралады.

«Егер Мартинестің операциясы сәтті өтіп, аяғы тез жазылып кетсе, бірінші жекпе-жегін келесі жылдың наурыз немесе сәуір айында өткізеді. Ал Головкинмен 2014 жылдың қыркүйегінде кездеседі. Бұл уақытқа дейін Головкин бүгінгіден де танымал бола түседі. Біз бұл жекпе-жекке тыңғылықты дайндалып, кездесуді жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз, ал спортшылар өздеріне тиесіл жоғары гонорарларын алады», -дейді Левкович.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!