Қазақстанның 135 спортшысы Қазан қаласындағы Универсиадаға аттанды

Фотография - Қазақстанның 135 спортшысы Қазан қаласындағы Универсиадаға аттанды

6-17 шілде аралығында Қазан қаласында өтетін Универсиада-2013 жарысының алдында Қазақстан Республикасының Туын көтеру салтанаты өтті

196 0

6-17 шілде аралығында Қазан қаласында өтетін Универсиада-2013 жарысының алдында Қазақстан Республикасының Туын көтеру салтанаты өтті.

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Оған Универсиада ауылының вице-мэрі Инсаф Галиуллин және Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) өкілдері қатысып, спортшыларға жеңіс, жанкүйерлерге жарқын әсер тіледі.

Қазақстандық делегацияның жетекшісі, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы бас директорының орынбасары Бауыржан Рамазанов Универсиада қожайындарына ыстық қабылдаулары үшін алғысын білдіріп, қазақстандық 135 спортшы жарыстың 14 түрі бойынша бақ сынайтынын атап өтті.

Қазақстандық студенттер Бүкіләлемдік Қысқы және Жазғы универсиадаларға 1993 жылдан бері қатысып, қанжығалары 18 алтын, 21 күміс, 29 қола медальмен майланды. Студенттердің ең сәтті өнер көрсетулері 2007 жылы Тайландта болды, онда біздің құрама 165 мемлекеттің арасында 11-інші орынға тұрақтады. Сол студенттік құрамада еліміздің намысын болашақ Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да қорғаған болатын.

Еске сала кетейік, Қазандағы XXVII Бүкіләлемдік Жазғы универсиадада 162 мемлекеттің 12 мың спортшысы шеберліктерін ортаға салады. Спорттың 27 түрі бойынша медальдардың 351 жиынтығы бәске тігіліп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!