Пинчук пен Дычко - жартылай финалда

Фотография - Пинчук пен Дычко - жартылай финалда

Бокстан Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

107 0

Бокстан Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Қайрат Ералиев филиппиндік Марио Фернандесті (3:0) есебімен ұтса, Берік Әбдірахманов ирактық Ганим Амираны (3:0) жеңіп, ширек финалға шықты.

Ал Әділбек Ниязымбетов иорданиялық Жихад Абу ал Хираны сабады – 3:0. Ол да ширек финалда.

91 келіде Антон Пинчук кореялық Жинхо Хионы 3:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Аса ауыр салмақтағы үмітіміз Иван Дычко екінші кездесуде үндістандық Сатиш Кумарды таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Қазір Қазақстан құрамасының екі боксшысы жартылай финалда. Демек, қоржынымызда қос қола қазірден бар деген сөз.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!