Самат Смақов ұлды болды

Фотография - Самат Смақов ұлды болды

Елімізге танымыл  футболшы Самат Смақовтың шаңырағынды бүгін үлкен қуаныш. Ол дәл бүгін үшінші рет әке атанып отыр

322 0

Елімізге танымыл  футболшы Самат Смақовтың шаңырағынды бүгін үлкен қуаныш. Ол дәл бүгін үшінші рет әке атанып отыр, деп хабарлайды sports.kz сайты.

Отбасы нәрестеге Данияр деген есімді лайық деп тауыпты. Саматтың өзі  сәбидің есімін Мұқанов Данияр  досының құрметіне осылай қойғанын айтыпты.

Самат өнер көрсететін алматылық «Қайрат» командасы ел біріншілігіндегі  кезекті ойынын Өскемен жерінде жергілікті «Восток» командасымен өткізеді. Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны командаластарына ертең яғни, аталған ойын болатын күні қосылады. Мұндай жеңілдікті оған клуб басшылығы мен команда бапкерлері  отбасындағы  қуанышына орай жасап жатса керек.

Біз өз тарапымыздан Самат Смақов отбасына «шаңырақтарыңызда шаттық үзілмесін, қуаныштарыңыз ұзағынан болсын» деген тілегімізді жеткізгіміз келеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!