Жағажай волейболынан Әлем чемпионаты: Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамаларының үздіктері 17-ші орынға табан тіреді

Фотография - Жағажай волейболынан Әлем чемпионаты: Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамаларының үздіктері 17-ші орынға табан тіреді

Жағажай волейболынан Польшаның Старе-Яблоньки қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатына қатысқан ел құрамасының соңғы үміті болған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко кеше 1/16 финалда сүрінді.

180 0

Жағажай волейболынан Польшаның Старе-Яблоньки қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатына қатысқан ел құрамасының соңғы үміті болған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко кеше 1/16 финалда сүрінді.

Бұл сында Дьяченко мен Сидоренко жұбының жолын германиялық Бёкерманн мен Урбацка кесті. Бұған дейін әйелдер құрамасының үздігі Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова да 1/16 финалда фин қыздарына есе жіберіп, 17-ші орынды қанағат тұтқан болатын. Ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов болса топтық сыннан өте алмай, 37-ші орынға табан тіреген еді.

Германия, Ресей, Польша спортшыларымен «L» тобында бақ сынаған Дьяченко мен Сидоренко 2-ші орын алып, 1/16 финалға бірден жолдама алған болатын. Ал Машкова мен Цимбалова Голландия, АҚШ, Парагвай спортшыларымен «D» тобында өнер көрсетіп, 3-ші орын алды. Олар 1/16 финалға өз тобында 3-ші орын алған 12 команданың арасында ұпай көрсеткіші бойынша сарапқа салынған 8 жолдаманың соңғысын иеленіп шыққан болатын. Бірақ әлемдік рейтингте өздерінен жоғары сатыда тұрған қарсыластары айласын асырып кетті.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!