Футбол: «Ақжайыққа» «Ордабасымен» ойын оңайға түспейді

Фотография - Футбол: «Ақжайыққа» «Ордабасымен» ойын оңайға түспейді

6 шілде күні Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды.

193 0

6 шілде күні Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды.

Бұл ойын оралдықтарға өте қиынға түсетін түрі бар. 24 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орында келе жатқан «Ордабасы» соңғы бес турда жеңіліп көрген жоқ. Соның ішінде сырт алаңда «Астананы» қапы қалдырған шымкенттіктер Оралға жеңіс үшін келіп отыр. Соңғы орындағы «Ақжайыққа» да шегінетін жер жоқ.

«Ақжайық» футбол клубының бас директоры Рашит Хуснутдиновтің айтуынша, қаржы мәселесі шешілгеннен кейін команданы толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа бапкер өз алдына, «Шахтерге» кеткен қақпашы Стас Покатилов пен шабуылшы Игорь Зеньковичтің орнын алмастыратын ойыншылар керек-ақ. Осындай қиындықтарға қарамастан, «Ақжайықтың» өз алаңында барын салатыны анық.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!