Қазақстанның 8 боксшысы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Фотография - Қазақстанның 8 боксшысы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық 8 боксшы жартылай финалға шықты.

154 0

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық 8 боксшы жартылай финалға шықты.


Федерацияның ақпаратына қарағанда, 5 шілде күні 6 боксшымыз, атап айтқанда, Жәнібек Әлиханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов, Теміртас Жүсіпов, Мерей Ақшалов ширек финалда жұдырықтасып, қарсыластарынан басым түскен. Ал бұған дейін Антон Пинчук пен Иван Дычко жартылай финалға жолдама алған еді.

Азия чемпионатының жартылай финалында 13 елдің былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға көтерілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған байрақты бәсекеге 27 елдің 163 боксшысы қатысуда. Чемпионаттың жартылай финалы ертең, ал финалы 8 шілде күні өтеді.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!