Алматыда бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты басталды

Фотография - Алматыда бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты басталды

Бүгін Алматыдағы «Қазақстан» мейманханасында бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты басталды.

277 0

Бүгін Алматыдағы «Қазақстан» мейманханасында бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты басталды.

Оған Қазақстан, Әзірбайжан, АҚШ, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Украина және Чехия елдерінен 56 тастаяқшы қатысуда. Олардың арасында «Қозғалмалы пирамидадан» Әлем чемпионатының алғашқы - 2007 жылғы және 2012 жылғы жеңімпаздары қырғызстандық Қаныбек Сағынбаев пен украиналық Ярослав Тарнавецкий бар. Оған Беларусь елінің халықаралық дәрежедегі төрешісі Юрий Черванев бастаған қазылар төрешілік жасауда.

Онда ел намысын алматылықтардан Әлихан Қаранеев, Алмас Әбсейіт, Алдияр Омаров, Арби Муциев, Дәурен Орынбаев, Ернар Шымбаев, Қаныбек Сағындықов, Хамит Сейдазім, Эмиль Мударисов, Астанадан Қуаныш Абпасов, Қарағандыдан Әлібек Омаров, Қостанайдан Никита Цисельский, Тараздан Маким Пан, Алматы облысынан Айдос Туғанбаев, Ақтөбе облысынан Азат Түменов, Жамбыл облысынан Ғани Шардарбеков қорғауда. Өзге елдерден қатысып отырған спортшылар саны: Қырғызстан - 8, Өзбекстан - 6, Украина - 6, Ресей - 5, Әзірбайжан- 4, Армения -2, Беларусь - 2, Молдова - 2, АҚШ - 1, Грузия - 1, Қытай - 1, Түркия - 1 және Чехия - 1.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!