Сегізі де алтын үшін таласады

Фотография - Сегізі де алтын үшін таласады

Амманда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалына шыққан жігіттердің есімі белгілі болды

161 0

Амманда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалына шыққан жігіттердің есімі белгілі болды.

Жартылай финалда сегіз оғланымыздың сегізі де  қарсыластарын жеңіп, ақтық айқасқа жолдама алды.

49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Теміртас Жүсіпов Жапония жігітін 3:0 есебімен жеңіп,финалға шықты. Теміртас алтын үшін үнді боксшысымен жұдырықтасады.

60 келідегі  Берік Әбдірахманов тәжікстандық Анвар Юнусовтан басым түсті.

64 келідегі Мерей Ақшалов  жартылай финалда қырғыз Ермек Сәкеновты ұтып, Азия чемпионатының финалына шықты.

69 келідегі команда капитаны Данияр Елеусінов те Азия чемпионатының ақтық сынында өнер көрсетеді.

75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы жартылай финалда ирандық Мехраби Сажжадты жеңді.

81 келіде Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов те өзіне артылған сенімді ақтап финалға жолдама алды.

91 келідегі Антон Пинчук қырғызстандық Сергей Паренконы айқын басымдықпен жеңді.

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко ирандық қарсыласын басым болып, ақтық сынға жолдама алғандар қатарына қосылды!

 

Бокстан Азия чемпионатының финалдық жұптарының тізімі


49 келіге дейін

Теміртас Жүсіпов (Қазақстан) - Девендро Лайшрам (Үндістан)


52 келіге дейін

Шахобидин Зоиров (Өзбекстан) - Азат Усеналиев (Қырғызстан)


56 келіге дейін

Шива Тхапа (Үндістан) - Обада Алькасбех (Иордания)


60 келіге дейін

Берік Әбдрахманов (Қазақстан) - Сайл Арди (Таиланд)


64 келіге дейін

Мерей Ақшалов (Қазақстан) - Мункх-Эрден Уранчимег (Моңғолия)


69 келіге дейін

Данияр Елеусінов (Қазақстан) - Мандип Джангра (Үндістан)


75 келіге дейін

Жәнібек Әлімханулы (Қазақстан) - Навруз Джафоев (Тәжікстан)


81 келіге дейін

Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан) - Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан)


91 келіге дейін

Антон Пинчук (Қазақстан) - Ихаб Алматбули (Иран)


91 келіден жоғары

Иван Дычко (Қазақстан) - Изатулла Эргашев (Өзбекстан)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!