Қазақстан Универсиаданың екінші күнінен кейін 19-шы сатыға орналасты

Фотография - Қазақстан Универсиаданың екінші күнінен кейін 19-шы сатыға орналасты

Жексенбі күні Қазанда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс және бір қола жүлде түсті

226 0

Жексенбі күні Қазанда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс және бір қола жүлде түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Белбеу күрес бойынша Димаш Молдашев (75 кг) күміс, бАян Ермекбаев (82 кг) қола жүлде иеленді. Тағы бір қазақстандық Денис Лешков (68 кг) үшінші орын үшін таласта жеңіліс тапты. Зілтемірші Арли Чонтей (56 кг) де төртінші орынды місе тұтты. Бокс турнирінің жартылай финалына жолдама алған Ержан Жомарт (49 кг) пен Рустам Рустамов (56 кг) кемінде қола жүлдегер атанады.

Жалпы медаль есебі:

1. Ресей - 16 (6,2,8);

2. Оңтүстік Корея - 4 (3,0,1);

3. Қытай - 8 (2,4,2);

19. Қазақстан - 2 (0,1,1).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!