Энди Маррей «Уимблдон» жеңімпазы атанды

Фотография - Энди Маррей «Уимблдон» жеңімпазы атанды

Соңғы 77 жылда тұңғыш рет британдық теннисші «Уимблдонда» топ жарды. Шотландиялық Энди Маррей Ұлыбритания ашық біріншілігінің ақтық сынында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джоковичті 6:4, 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді

187 0

Соңғы 77 жылда тұңғыш рет британдық теннисші «Уимблдонда» топ жарды. Шотландиялық Энди Маррей Ұлыбритания ашық біріншілігінің ақтық сынында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джоковичті 6:4, 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұл 26 жасар шотландық топ жарған 28-ші турнирі және Үлкен дулыға сындарындағы екінші жеңісі. Өткен жылы ол АҚШ ашық біріншілігін ұтқан болатын.

Бұған дейін соңғы рет Ұлыбритания өкілі өз жеріндегі «Уимблдон» турнирінде 1936 жылы жеңіске жеткен. Ол даңқты теннисші Фред Перри болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!