Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова тұрмысқа шықты

Фотография - Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова тұрмысқа шықты

Талдықорғанда қазақстандық даңқты спортшы, ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова мен ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов некелерін қиды

235 0

Талдықорғанда қазақстандық даңқты спортшы, ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова мен ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов некелерін қиды.

Спортшылар некелерін Талдықорғандағы қалалық АХАТ бөлімінде 7.07.2013 жылы қидырды.

Жас жұбайлардың тойлары Талдықорғандағы «Атамекен» мейрамханасында өтті. Тойға екі жастың жақын туыстары, достары, әріптестері қатысты. Сонымен қатар күйеу жігіттің бапкері Лазер Дон, қалыңдықтың жаттықтырушысы Алексей Ни, ҚР ауыр атлетикадан ұлттық құрама командасының бапкер-кеңесшісі Энвер Туркелери және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары шақырылған.

Аймақ басшысы Аңсар Мұсаханов өз кезегінде жас жұбайлардың бал айында сапарға шығуы үшін 750 000 теңге тарту етті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!