«Қазақстан Барысы» өзінің бапкеріне автокөлік сыйлады

Фотография - «Қазақстан Барысы» өзінің бапкеріне автокөлік сыйлады

Шығыс Қазақстандық балуан, «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров елорда күніне, өзінің бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Қоржыкеновке алғыс ретінде автокөлік сыйлады.

137 0

Шығыс Қазақстандық балуан, «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров елорда күніне, өзінің бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Қоржыкеновке алғыс ретінде автокөлік сыйлады.

«Өзімнің жеңісімді әсем елордамыздың, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнінен арнадым. Мені қолдап, жанкүйер болған барша қазақстандықтарға алғысым шексіз. Дегенмен менің дайындығыма көп күш жұмсаған жаттықтырушым Серік Қоржыкеновке ерекше алғыс айтқым келеді. Және осы алғыстың белгісі ретінде маған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мінгізген темір тұлпардың кілтін тапсырамын. Менің жеңісім – ең алдымен Серік ағаның еңбегі», - деді «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!