Месси мен Роналду биыл да үздіктер қатарында

Фотография - Месси мен Роналду биыл да үздіктер қатарында

УЕФА Еуропаның  үздік ойыншысы атағына үміткер он ойыншының тізімін белгіледі

142 0

УЕФА Еуропаның  үздік ойыншысы атағына үміткер он ойыншының тізімін белгіледі.

Еуропа футбол қауымдастығына мүше елдердің журналистері дауыс беру арқылы таңдалған он ойыншының  финалдық кезеңге тек үшеуі шығатын болады. Ал үздік ойыншының есімі 29 тамызда Чемпиондар лигасының жеребесі тартылатын күні белгілі болады.

Үздік  ойыншыға үміткерлер қатарында «Бавария» ойыншылары Томас Мюллер, Франк Рибери, Арьен Роббен және Бастиан Швайнштайгер бар. Ал  «Боруссия» ойыншыларынан тек  Роберт Левандовски ғана еніп отыр.

Олардан өзге бітіспес қарсыластар Месси мен Роналду , ПСЖ шабуылшысы Златан Ибрагимович , «Тоттенхэмді» төрге сүйреген Гарет Бейл және ағылшын біріншілігінің үздік сұрмергені Робин ван Перси бар


Естеріңізде болса былтыр үздік үштікке Месси, Роналду, Иньеста еніп соңғысы үздік деп танылған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!