"Астана" ұтылды, "Ақтөбе" мен "Ертіс" келесі кезеңде

Фотография - "Астана" ұтылды, "Ақтөбе" мен "Ертіс" келесі кезеңде

Футболдан Еуропа лигасында  сынға түсіп жатқан үш клубымыздың бірі қатардан шығып қалды

187 0

Футболдан Еуропа лигасында  сынға түсіп жатқан үш клубымыздың бірі қатардан шығып қалды.

Алдымен «Ертістің» ерлігін ерекше атап өткен дұрыс болар. «Ертістің» қарсыласы болгариялық «Левски» командасы азулы командалардың қатарынан еді. Бастапқыда қазақстандық командаға сенім артқандар санаулы болатын. Сырт алаңда 0-0 есебінен кейін де  павлодарлық команданы фоворит деп танығандар сирек еді. Бірақ «Ертіс» білгіштердің пікірінің бәрін жоққа шығарып өз алаңында қарсыластар қақпасына жауапсыз екі гол соғып келесі кезең мәселесін ойынның бастапқы тұсында ақ шешіп тастады.

«Ертіс» (Кереку) — «Левски» (София, Болгария) 2:0

Голдар: Мурзоев, 6. Бақаев, 13-пен.

Ескертулер: Говедарица 21, Котляр 31, Мухутдинов 35, Иванов 64, Бакаев 67, Шабалин 78 — Мулдер 72, Илиев 74

Ойынның 12-минутында Димов алаңнан қуылды.

«Ертіс»: Котляр, Чернышов, Кулибали, Кучера, Шомко, Мухутдинов, Говедарица (Чичулин 58), Иванов, Юрин (Шабалин 73), Мурзоев (Аяғанов 90), Бақаев.

«Левски»: Илиев, Мулдер, Ангелов, Старокин, Рамон Лопес (Велев 46), Жоау Силва (де Карвальо 46), Родригес, Везалов, Криштовау, Димов, Брю

Бас төреші: Александр Харкам (Аустрия)

Бірінші ойын – 0:0

«Ақтөбе» де көп күш жұмсамай келесі кезеңге өтті.  Армениядан келген команда қақпасына қос голды Тимир Кападзе соқты. «Ертістің» еншісіндегі екі голды да өзбек ойыншылары соққанын ескеріп , ала шапанды ағайындардың аяқ доп шеберлеріне ерекше алғыс айтқан жөн шығар.

«Ақтөбе» — «Гандзасар» (Армения) 2:1

Голдар: Кападзе, 2. Кападзе, 52 — Бегларян, 35.

Ескертулер: Бадло 22, Логвиненко 27, Гейнрих 80 — Хачатрян Ара 48

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло, Праймус, Кенжесариев, Логвиненко, Харабара, Хайруллин, Кападзе (Тағыберген 88), Давыдов (Ковальчук 39), Гейнрих (Гридин 82)

«Гандзасар»: Бегларян, Авагян Ар., Обрадович, Мелконян, Дашян, Вукоманович (Петросян Ал. 74), Хачатрян Ара, Григорян А., Джикия, Татинцян (Авагян Айр. 86), Бегларян

Бас төреші: Никола Дабанович (Черногория)

Бірінші ойын – 2:1.

Келесі кезеңге шығуға үмітті үшінші командамыз «Астана» еді. Алғашқы ойында өз алаңындағы жеңілісті кездейсоқтыққа балап, сырт алаңда қарсыластар қақпасының кілтін тауып келесі кезеңге аяқ басатын команда «Астана» болады деп сенгендердің қатары қалың еді. Іс жүзінде бәрі керсінше болып шықты. «Ботев» қақпамызға бір емес жауапсыз бес гол соғып сойып салды. Ұлттық құрама ойыншыларымен жасақталған бас қаламыздың басты командасынан мұндай масқараны ешкім күтпеген болар.

«Ботев» (Пловдив, Болгария) — «Астана» 5:0

Голдар: Огнянов, 54. Анисе 56-пен. Неделев, 58. Грнчаров, 71. Неделев, 75.

Ескертулер: Виейра 30 — Шахметов 11, Куат 29

Ойынның 34-минутында Исламбек Қуат алаңнан қуылды.

«Ботев»: Стаховяк, Грнчаров, Минев, Спрокел, Огнянов, Христов, Анисе, Ирсак, Галчев (Педро 76), Виейра (Дьяков 61), Кортзорг (Неделев 46)

«Астана»: Эрич, Дмитренко, Игуманович, Бейсебеков, Зелао, Коробкин, Нұрдәулетов, Кетевоама (Пасичник 76), Кояшевич (Нөсербаев 64), Шахметов (Қонысбаев 60), Қуат

Бас төреші: Павле Радованович (Черногория)

Бірінші ойын – 1:0

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!