«Ақжайықтың» жағдайын Любко Петровичта түзей алмады

Фотография - «Ақжайықтың» жағдайын Любко Петровичта түзей алмады

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында елордада Оралдың «Ақжайығы» «Астанамен» ойынға жаңа бас бапкердің басшылығымен шықты.

220 0

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында елордада Оралдың «Ақжайығы» «Астанамен» ойынға жаңа бас бапкердің басшылығымен шықты.

Қазақстанға таныс серб маманы Любко Петрович команда тізгінін алғанымен, алғашқы кездесу оралдықтар үшін сәтсіз аяқталды. Бірінші таймда 24-минутта астаналық Таңат Нөсербаев есеп ашса, 38-минутта Алексей Мальцев 11 метрлік пенальтиден таразы басын теңестірді. 45-минутта қонақтардың қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленгенімен, «Астананың» капитаны Қайрат Нұрдәулетовтің соққысын Роман Багаутдинов қайтара білді.

Ойынның екінші кезеңінде алаң иелері айқын басымдылық танытып, Дамир Кояшевич пен Бауыржан Исламхан есепті 3:1-ге жеткізді. «Астананың» екінші таймда алаңға шыққан ойыншылары командасына пайда келтіріп, осылайша мергендік танытса, «Ақжайықтың» тыңнан кірген футболшылары серпіліс бере алмады. Қайта батысқазақстандықтар қателікке жиі бой алдырды. Астаналықтар ұрымтал сәттерде дәл көздей білгенде, есептің бұдан да ірі болуы мүмкін еді.

Сөйтіп бұрынғыша соңғы орында қалып, қалі мүшкілдене түскен «Ақжайық» келесі ойынын 20 шілде күні өз алаңында Өскеменнің «Востогымен» өткізеді.

Тараздан абыроймен кетпеген Л.Петрович «Ақжайықты» алға апара ала ма, оны уақыт көрсетеді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!