Гвардиола мен Алькантара қайта табысты

Фотография - Гвардиола мен Алькантара қайта табысты

Испания жастар құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Тьяго Алькантара «Бавария» клубына ауысты

137 0

Испания жастар құрамасы мен «Барселона» ойыншысы Тьяго Алькантара «Бавария» клубына ауысты, деп хабарлады каталониялық клубтың ресми сайты. Бұл ақпаратты неміс клубы да растап отыр.

Келісім-шарт мерзімі төрт жылға жасалды.Трансфер сомасы 25 миллион еуроны құрап отыр.

Тьяго Алькантара «Манчестр Юнайтед» клубына ауысуға жақын еді. Алайда «Барселонаның» бұрынғы бапкері Хосеп Гвардиола Тьягоны өзінің жаңа командасынан көргісі келетінін , және одан басқа ешкімді қаламайтынын жеткізген соң бәрі өзгеріп сала берді. Енді міне ескі таныстар қайтадан кездесті.

Жиырманың екісіне енді келген Тьяго Алькантара «Барселона» қатарында 101 ойынға қатысып 11рет мергендігімен көзге түскен. Сонымен қатар, жақында аяқталған жастар арасындағы Еуропа чемпионатын жеңіп алған.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!