Джеррард "Ливерпульмен" келісімін ұзартуға келісті

Фотография - Джеррард "Ливерпульмен" келісімін ұзартуға келісті

Англияның "Ливерпуль" футбол клубында бірнеше жылдан бері тер төгіп келе жатқан шабуылшы Стивен Джеррард өз клубымен жаңа келісімге отыруға уағдаласты

178 0

Англияның "Ливерпуль" футбол клубында бірнеше жылдан бері тер төгіп келе жатқан шабуылшы Стивен Джеррард өз клубымен жаңа келісімге отыруға уағдаласты, деп хабарлайды The Telegraph.

33 жасар ойыншы мен клуб басшылығы арасындағы жаңа келісімге байланысты келіссөздер өткен жылдың аяғында басталып, екі жақ қазір ғана өзара уағдаластыққа келген. Джеррард 2015 жылдың жаз айына дейін жасалған жаңа келісімге осы аптада қол қояды деп күтіліп отыр.  

Естеріңізге салсақ, қазіргі келісімге сәйкес жартылай қорғаушы мен клуб арасында жүзеге аспаған бір жылдай уақыт қалған еді. Жалпы Джеррард "Ливерпуль" қатарында 14 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатыр. Сол 1998 жылдан бері ол клуб қатарында 630 матчқа қатысып, 159 голмен көзге түсе білді. Ал Англия ұлттық құрамасы сапында 102 кездесуге алаңға шықты.

"Ливерпуль" клубымен бірге Джеррард чемпиондар Лигасын, УЕФА Кубыгын, екі мәрте Еуропа Суперкубогы мен Англия Кубогын және үш рет лига Кубогын иеленді. Сондай-ақ ол екі рет Англия футбол ассоциациясының тұжырымымен жылдың үздік футболшысы атанды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!