Оралда бұзақылар 26 жастағы жігітті ұрып өлтірген.

Фотография - Оралда бұзақылар 26 жастағы жігітті ұрып өлтірген.

Оралда төрт бұзақы 26 жастағы жігітті ұрып өлтірді, деп хабарлайды БҚО ІІД-нен.

198 0

 Оралда төрт бұзақы 26 жастағы жігітті ұрып өлтірді, деп хабарлайды БҚО ІІД-нен. Ұсталғандардың бірі мәлімдегендей, олар зардап шеккен жігітті басқа біреумен шатастырып алса керек.

Трагедия 13 шілдеге қараған түні «У пристани» дәмханасының жанында болған. Зардап шегуші жабық бас сүйек-ми жарақатынан көз жұмды.

«Куәгерлер төрт жігіт дәмханадан шығып, жолдың бойында қоштасқанын айтады. Жәбірленуші сол жерде жалғыз өзі қалған. Кенет оған бірнеше жігіт жүгіріп келіп, соққының астына алады. Зардап шегуші облыстық ауруханада көз жұмды», - деп хабарлады БҚО ІІД тергеу басқармасының бастығы Мағауия Құрмашев.

Полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт адамды ұстады. Оның екеуі –21 мен 23 жастағы күдіктілер ІІБ жанындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

«ҚР ҚК 257 бабы 2 бөлімі және 103 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірін дәмханада біреулер ұрып кеткен. Содан кейін ол достарын жинап келіп, өзін ренжіткен адамды жәбірленушімен шатастырып, оны ауыр соққының астына алған», - деп атап өтті М.Құрмашев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!