«Шахтер» жарады

Фотография - «Шахтер» жарады

Чемпиондар лигасын екінші кезеңнен бастаған қарағандының «Шахтер» клубы алғашқы ойынын жеңіспен бастады

355 0

Чемпиондар лигасын екінші кезеңнен бастаған қарағандының «Шахтер» клубы алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Сырт алаңда былтыр осы турнирдің топтық кезеңінде ойнап «Баварияны» жеңген БАТЭ клубынан басым түсті. Ойындағы жалғыз голды екінші тайм басталған тұста Сергей Хижниченко өз еншісіне жазды.Енді қос команда 23 шілдеде Қарағандыда қарымта кездесу өткізеді.

"БАТЭ" (Борисов, Беларусия) — "Шахтер" (Қарағанды, Қазақстан) 0:1 (0:0)

Гол: Хижниченко 48 (0:1)

Ескертулер: М. Володько 61, Родионов 88 — Симчевич 46, Порываев 79

БАТЭ: Горбунов, Гайдучек, Юревич, Филипенко, Поляков, Алексиевич (Кривец 60), Глеб (М. Володько 46), Павлов, Сиваков, Нехайчик (Концевой 76), Родионов

Шахтер: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый (Тарасов 76), Симчевич, Вичюс, Каньяс, Финонченко, Зенькович (Муртазаев 74), Хижниченко

Бас төреші: Джон Битон (Шотландия)


Естеріңізге салсақ, «Шахтер» биыл  еурокубоктерде ойнап жатқан төртінші командамыз. Бұған дейін Еуропа лигасында ойнаған «Ақтөбе» мен «Ертіс» келесі кезеңге шықса, «Астана» жарыс жолынан шығып қалған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!