Жанат Жақиянов жеңіске жетті

Фотография - Жанат Жақиянов жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті

182 0

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов кәсіби рингтегі кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазды baq.kz.

Бұл жолы ол украиндық Юрий Воронинді сегізінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Кездесу Украинаның Минск қаласында өтті.

Жақияновты Британияның бұрынғы әйгілі боксшысы Рикки Хаттон жаттықтырады. Хаттон бұдан бұрын ол былай мәлімдеген болатын: «Жанат болашағы бар боксшы, оның қазіргі аяқ алысы өте жақсы. Алдағы кездесулерін дәл осылай жалғастыра берсе, чемпиондық белбеулер үшін өткізілетін жекпе-жектерге шығуы әбден мүмкін».

Мұның алдында 28 шілде күні Жақиянов Белфастта рингке шыққан болатын. Ол кезде қазақстандық боксшы Никарагуалық Мишель Эскобарды жеңді. Бұл кездесуде де қазақстандық боксшының айқын басымдығы көрініп тұрды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!