Жасөспірімдер Талғарда жиналды

Фотография - Жасөспірімдер Талғарда жиналды

«Қазақстан Президенті кубогының» биылғы жеңімпаздары, Белоруссия астанасы Минскіде өткен «УЕФА даму кубогының» иегерлері, яғни Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы Талғардағы базада жаттығу жиынын бастады

232 0

«Қазақстан Президенті кубогының» биылғы жеңімпаздары, Белоруссия астанасы Минскіде өткен «УЕФА даму кубогының» иегерлері, яғни Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасы Талғардағы базада жаттығу жиынын бастады.


Шілденің 24-іне дейін жалғасатын бұл жиын­да Қазақстан жасөспірімдер құра­ма­сы Еуропа біріншілігінің іріктеу додасына дайындалатын болады.

Айта кетейік, жиын барысында Кон­стан­тин Фроловтың шәкірттері екі жол­дас­тық кездесу өткізеді. Бұл ойындар шілденің 19-ы және 23-і күндеріне жоспарланған. Әзірге бір қарсыласы нақты белгілі. Қазақ­стан жасөспірімдер құрамасы дайын­дық­та­рын байқау үшін алматылық «ЦСКА»-ның дубльдік құрамына қарсы жасыл алаңға шығады.

Сондай-ақ жиынға Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасында өнер көрсететін екі қақпашы шақыртылды. Олар: Михаил Голубничий («Ертіс» Павлодар) мен Илья Караваев («Қайрат» Алматы). Бұл екеуі жеке бағдарлама бойынша Қазақстан құра­ма командаларындағы қақпа­шы­ла­ры­ның басты баптаушысы Игорь Кулиштің қара­мағында жаттығады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері Константин Фролов жат­тығу жиынына мына футболшыларды шақыр­ды.

Қақпашылар: Егор Цуприков («Болат» Теміртау), Олег Грубов («Қайрат» Алматы)

Қорғаушылар: Рүстем Әбдіразақов («Ботафого» Бразилия), Шыңғысхан Асыл­хан­ұлы («Астана»), Тимур Балтабаев («Қай­рат» Алматы), Шәмілжан Сұлтанов («Ор­дабасы» Шымкент), Сұлтан Әбілғазы («Энер­гетик» Көкшетау)

Жартылай қорғаушылар: Демият Сіләмбеков («Ботафого» Бразилия), Фарух Мір­сәлімбаев («Ботафого» Бразилия), Едіге Оралбай («Ботафого» Бразилия), Вале­рий Андреев («Атырау»), Мидат Гал­баев («Берое» Болгария), Максим Котов («Қай­рат» Алматы), Аршат Мәмешев («Тараз»), Максим Гладченко («Тараз»), Геворг Наджарян («Шахтер» Қарағанды)

Шабуылшылар: Владислав Васильев («Ботафого» Бразилия), Олег Овчинников («Восток» Өскемен), Жасұлан Елеусіз («Ордабасы» Шымкент).

Аға бапкер — Константин Фролов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!