Лотар Маттеус «Астананы» жаттықтыруы мүмкін

Фотография - Лотар Маттеус «Астананы» жаттықтыруы мүмкін

«Астана» футбол клубын жаттықтырудан әзірге екі бапкер үміткер. Бұл туралы отандық «спортс.кз» сайты мәлімдеді. Солардың бірі – немістің әйгілі футболшысы Лотар Маттеус

236 0

«Астана» футбол клубын жаттықтырудан әзірге екі бапкер үміткер. Бұл туралы отандық «спортс.кз» сайты мәлімдеді. Солардың бірі – немістің әйгілі футболшысы Лотар Маттеус.


Кезінде Италияның «Интері», немістің «Бавариясы» сынды клубтардың намысын қорғап, Германия ұлттық құрамасының капитаны болған 52 жасар маман төрт рет Еуропа чемпионатына, бес рет әлем чемпионатына қатысқан. Еуропа және әлем біріншіліктерінің жеңімпазы. Әлемнің үздік ойыншысы. Жалпы, он футболшының өміріне жетер атақтары бар. Дегенмен бапкер ретінде аса бір биіктерден көрінген емес. Аустрияның «Рапид», «Ред Булл» сынды клубтарын, Сербияның «Парти­за­нын», Бразилияның «Атлетико Пара­наэн­се» және Израильдің «Маккаби» клубтарын жаттықтырған. Сондай-ақ Венгрия және Болгария ұлттық құрамаларында бас бапкер болған. Бірақ ешбір жерде екі маусымнан артық тұрақтамапты. Енді «Астананың» бас бапкері болуы мүмкін.

Одан бөлек, елордалық клубтың бас­шы­лығы румыниялық маман Йоан Андо­немен де келісімсөздер жүргізіп жатқан көрінеді. 53 жасар маман ойыншы ретінде негізінен Бухаресттің «Динамосында» өнер көрсеткен. Румынияның көптеген белді клуб­тарын жаттықтырған. Соның ішінде «Клужды» ел чемпионы атағына жеткізіпті. Сондай-ақ төрт рет Румыния кубогының иегері атанған екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!