«Арсеналдың» фанаты автобусының артынан алты шақырым жүгірген

Фотография - «Арсеналдың» фанаты автобусының артынан алты шақырым жүгірген

Лондондық «Арсенал» футбол клубының жанкүйері сүйікті командасының Вьетнамға келгенін есітіп, клуб тоқтаған орынды іздеп табады. Жолға шыққан автобустың артынан алты шақырым қуып отырып, әрең дегенде жетеді

131 0

Лондондық «Арсенал» футбол клубының жанкүйері сүйікті командасының Вьетнамға келгенін есітіп, клуб тоқтаған орынды іздеп табады. Жолға шыққан автобустың артынан алты шақырым қуып отырып, әрең дегенде жетеді.

Вьетнамдық жанкүйер автобустың артынан жүгіріп бара жатып, жолында кездескен ағаштар мен бағаналарға бірнеше рет соғылады. Шаршаған фанат автобуспен бағыттас полицейдің мотоцикліне мініп, бірнеше минут демін басады. Сөйтіп, марафонды қайта бастайды.

Қуғыншыны байқап қалған футболшылар бас бапкер Арсен Венгерге: «Мынауың нағыз желаяқ қой, командамызға алсақ қайтеді», - деп әзілдейді. Жаттықтырушы жүргізушіден автобусты тоқтатуды өтініп, желаяқ фанатты ішке кіргізіп алады. Фанаттың қуанышы қойнына сыймай, ентігін баспаған күйі футболшыларды құшақтап, суретке түсе бастайды. Өзінің қажыр-қайратының арқасында Вьетнамдық фанат бірнеше сағат бойы елдегі ақпарат құралдарының басты кейіпкеріне айналды - деп хабарлады baq.kz.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!