Қазандағы универсиада аяқталды

Фотография - Қазандағы универсиада аяқталды

Татарыстан астанасы Қазан қаласында жазғы универсиада аяқталды. Қазақстан құрамасы жиынтығы отыз медальмен жалпыкомандалық есепте  он тоғызыншы орынға жайғасты

177 0

Татарыстан астанасы Қазан қаласында жазғы универсиада аяқталды. Қазақстан құрамасы жиынтығы отыз медальмен жалпыкомандалық есепте  он тоғызыншы орынға жайғасты.

Қоржынымызға түскен үш алтынды ауыр атлетикада  Фархад Харки,  жеңіл атлетикада Маргарита Мукашева және нысана көздеуден Қазақстан қыздар құрамасы салды. Күміспен  күптелгендердің қатарында Беймбет Канжанов, Багдат Жарылгасов (самбо), Сергей Емельянов — 2 (каноэ есу), Алихан Жұмаев (күрес), Рустам Рустамов, Жан Кособуцкий (бокс), Александр Зайчиков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Димаш Молдашев, Эскархан Осканов (белбеу күрес), Руслан Курбановтар (фехтование) бар.

Қоламен шектелгендер: Асхат Жаңбыров, Нұрмахан Тыналиев, Алмат Кебіспаев (грек рим күресі), Ажар Кенбеил, Дилдаш Курышбаева (самбо), Қазақстан нысана көздеу (Олеся Снегиревич, Юлия Морозова и Александра Малиновская), Қазақстан стенд ату (Эльвира Акчурина, Ангелина Мищук, Жания Айдарханова),  Қазақстан фехтование (Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Дмитрий Грязнов, Руслан Курбанов),  Бердах Примбаев (күрес), Ержан Жомарт, Нұрдәулет Жарманов (бокс), Никита Филиппов, Евгений Эктов (жеңіл атлетика), Аян Ермекбаев, Гульнур Ерболова (белбеу күрес).

Бұл Қазақстан стунденттері  қатысып отырған жетінші универсиада. Ең үлкен жетістігіміз 2007- жылы Бангкокте тіркеліпті. 14 медаль оның ішінде 5 алтынмен жалпыкомандалық есепте 11- орынға жайғасқанбыз.


Ал жалпы командалық есепте Ресей құрамасы өзге елдерден оқ бойы озық болды (155 алтын, 75 күміс, 62 қола). Бұл универсиада да бұрын соңды болмаған жетістік. Екінші орынды Қытай құрамасы еншіледі (26 алтын, 29 күміс, 22 қола). Үздік үштікті Жапония елі қортындылады (24 алтын, 28 күміс, 32қола).

Келесі универсиада 2015- жылы Кореяның Кванджу қаласында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!