Эдинсон Кавани "ПСЖ" ойыншысы атанды

Фотография - Эдинсон Кавани "ПСЖ" ойыншысы атанды

Сейсенбі күні уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани ресми түрде француздық "ПСЖ" клубының ойыншысы болып таныстырылды

123 0

Сейсенбі күні уругвайлық шабуылшы Эдинсон Кавани ресми түрде француздық "ПСЖ" клубының ойыншысы болып таныстырылды.

Париждіктер ойыншымен 5 жылдық келісімге отырған көрінеді. Каванидің итальяндық "Наполиден" ауысқандағы трансферінің құны 64 миллион еуроны құрады. Осылайша Италияның А Сериясының экс-шабуылшысы Лига 1 чемпионатындағы ең қымбат ойыншы атанып отыр. 

Париждік клуб 26 жасар ойыншысын таныстырған пресс-конференция кеше түнде сағат 21:00 басталған болатын. Ал уругвайлық ойыншының өзі Парижге дүйсенбі күні медициналық тексерістен өту үшін ұшып келді.  

"Біз Каванидің "ПСЖ" қатарына қосылғанына өте қуаныштымыз. Ол енді біздің клуб үшін алдағы 5 жыл бойына тер төгетін болады. Шынын айтсақ, бұл футболшыны қатарға қосу оңай болған жоқ",-дейді париждік клуб президенті Нассер Эль-Халаифи.

Ал Каванидің өзі болса былай деп пікір білдірді: "ПСЖ" - нағыз жауынгерлік рухы бар клуб. Менің де бойымда жарыстарға қатысып, клубты жеңіске жетелейтін рухтың бар екендігін айтқым келеді. "ПСЖ" клубында ойнау - біршама футболшының арманы. Оған себеп те жоқ емес. Клуб әлемдегі ең мықты ұжымдардың бірінен саналады және чемпиондар Лигасында топ жаруға толық мүмкіндігі бар. Мен қабылдаған шешіміме ешқашан өкінбеймін және күмәнданбаймын".


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!